Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте шығарылған өнім шетелде сұранысқа ие

Шымкенттегі "Тассай" индустриалды аймағында қарқынды жұмыс істеп келе жатқан өндіріс орындарының бірі – "Mega Smart" ЖШС. Ішінде жылтыр МДФ панельдері және жиһаз шығаратын зауыты бар жоба құны 545 миллион теңгені құрайды. Ал онда шығарылатын өнім ел аумағында ғана емес, көршілес мемлекеттер арасында да сұранысқа ие. 

"Бұл қоймада біз жылтыр МДФ панель шығарамыз. Бұл зауыт 2015 жылы іске қосылды. Содан бері жылына 120 мың плита шығарып келеміз. Қазір 65 пайыз арасында жұмыс жүріп жатыр. Материалды тек Қазақстан емес, көрші елдер де алады. Атап айтсақ, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Моңғолия", – дейді цех басшысы Мардан Сәлімбеков.

Оның айтуынша, Шымкентте шығарылған өнім еліміздің 11 аймағына жөнелтіледі. Қала берді, көрші мемлекеттердің де қызығушылығын тудырған. Ал оны зауытта жұмыс істейтін 57 адам шығарады. Осылай деген кәсіп иелері өкінішке орай шикізатты табу оңай емес дейді. Себебі, отандық зауыттар әзірге Оңтүстік Корея, Ресей және Беларусиядан жеткізілетін шикізатқа алақан жаюға мәжбүр. 

МДФ панель шығаратын цех жанындағы жиһаз зауытында 7 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан Талғат Кәшкінов болса, тапсырыстың көптігінен жұмыстың да қарқынды жүріп жатқанын айтады. 

"Жұмысымыз оңай емес, әрине. Екі ауысыммен шығамыз. Өзім бұған дейін мал дәрігері болғанмын. 7 жыл бұрын осы жаққа ауыстым. Содан бері барлық жұмысты істеп, қазір жұмысшыларды бақылаушымын. Тапсырыс көп болғандықтан, жұмыс та аз емес", – дейді өндіріс орнының қызметкері Талғат Кәшкінбаев. 

Шымкенттің өнідіріс аумағындағы тағы бір мақтаныштардың бірі – SMART жиһаз зауыты. Мұнда жылына бес мыңға дейін мектеп жиһазы өндіріледі. Одан бөлек, үй және кеңсе жиһаздары да шығарылып, қала аумағында сатылып жатыр. 

"Зауыт 5000-ға дейін мектеп жиһазын шығара алады. Барлығы толық цифрландырылған. Әлемдік трендтерді зерттеу арқылы мектепке, кеңсеге арналған жиһаздар шығарамыз. Бізде құрылғылардың барлығы цифрландырылған. Қазіргі таңда Қазақстан бойынша тапсырыс қабылдаймыз. Жіберіп жатқан қалаларымыз – Түркістан, Астана, Алматы сияқты оңтүстік өңірлер. Шикізатты Ресейден алдырамыз", – дейді өндіріс орнындағы технолог-конструктор болып жұмыс істейтін Руслан Тұрмаханов. 

Өндірістік паркте еуропалық SCM және HOMAG өндірушілерінің CNC робот машиналары бар. Бұл үлкен көлемде жоғары сапалы жиһаз өндірісін және мерзімдерді сақтауды қамтамасыз етеді. Smart өндірісі 60 күнде 20 000 м2 ғимаратты жабдықтауға қабілетті. Mega Smart компаниясының Алматы, Қызылорда, Қостанай және Павлодар қалаларында өкілдіктері бар. Компания Қазақстан бойынша және ТМД елдерінде толыққанды дилерлік желі құруды жоспарлап отыр.

Талқылау