Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте шектеу шаралары қатаңдатылды

Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері 2021 жылғы 7 сәуірде "Шымкент қаласында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы" қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шараларды 12 сәуір сағат 00.00-ден 26 сәуір сағат 00.00-ге дейін күшейтеді.

Қала тұрғындары мен қонақтарына бұқаралық іс-шаралар (ауызашар, еске алу, туған күндер, мерейтойлар, ұзату, үйлену тойлары, той, беташар және т.б.) өткізуге тыйым салынады.

65 жастан асқан адамдардың қозғалысы шектеледі.

Қоғамдық көліктерді қоса алғанда, қоғамдық орындарға, қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде бетперде тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау қажет.

Сондай-ақ, кеңсе қызметкерлерінің 50%-ын қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру тапсырылды.

Азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың , жәрмеңкелердің қызметіне жұмыс күндері сағат 6:00-ден18:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін рұқсат етілді.

Банкет залдарының, аквапарктердің, жағажайлардың қызметіне тыйым салынады.

Спа-орталықтар, косметикалық қызмет көрсететін сұлулық салондары жазба бойынша 9:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді, жексенбіде жұмыс тоқтайды.

Кезекші топтарды (20 адамнан аспайтын) қоспағанда, балаларды сауықтыру лагерлері мен мектепке дейінгі балалар мекемелерінің жұмыс істеуіне тыйым салынады.

Балаларға арналған ойын-сауық орталықтары мен цирктердің жұмысына да тыйым салынған.

Сонымен қатар, ойын-сауық нысандарына тыйым салынады - караоке, бильярд бөлмелері, түнгі клубтар, боулинг орталықтары және т.б.

Сауда-ойын-сауық орталықтары (СОСО) уақыты 9:00-ден 22:00-ге дейін  шектеліп, толымдылығы 30% -дан аспаған жағдайда жұмыс істей алады.

Қаулының толық мәтінін мына жерден көруге болады.


Шымкент қаласына арналған 2021 жылдың ораза кестесі

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр