Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы пара алғаны үшін сотталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әбдіманап Төлебаевтың не үшін сотталғанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Әбдіманап Төлебаев, 

Антикор мәліметінше, Әбдіманап Төлебаев Шымкент қаласының қылмыстық ауданаралық сотының үкімімен пара алғаны үшін 6 жылға сотталған. Бұдан бөлек айыпталушыларға мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 42 млн теңгеге айыппұл түрінде жаза тағайындалды. 

“Департаменттің персоналды басқару қызметінің басшысы  Г. Тұрсынбаеваға 21 млн теңге, Шымкент бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық басшысы С. Махатоваға – 9 млн теңге және пара беруші С. Әшірбаеваға – 12 млн теңге айыппұл салынды. Олар осы департаменттің аудандық басқармасының жетекші маманы лауазымына жұмысқа орналастыру үшін 600 мың теңге сомасында пара алғаны, делдалдығы және пара бергені үшін кінәлі деп танылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ”, – делінген хабарламада. 

Талқылау