Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте полиция бастығының орынбасарына қатысты сын жариялаған журналист сотталды

Шымкентте қалалық ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары Ермахан Әбдірамановқа қатысты сынды жариялағаны үшін журналист Марина Низовкина сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КазТАГ басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: marusyanizovkina парақшасынан алынды

"Шымкент полициясын сынағаным үшін мені кінәлі деп тапты. Иә, біз сотта жеңіліп қалдық. Бірақ адвокатым айтқандай, мұндай сотта ұтқан адам ұялсын. Ал біз ұялмаймыз. Біз қалалық соттың (апелляциялық соттың) абыройын сақтап қалуға трыстық. Қолымыздан келмеді. Біз неге ұялуымыз керек? Судьяның өзі шешім шығарған кезде "жала жабу” тіркесін қолданған жоқ, үнемі  “негатив ақпарат" деумен болды. Барлығы менің “негатив ақпарат” үшін кінәлі деп танылғанымды білсін", — деп жазды Низовкина әлеуметтік желідегі парақшасында.

Журналист “соттың айтуынша, қазір барлығы полиция туралы тек жақсы нәрсе айтуы керек екен”  деп ашынды.

“Менің қорғаушыларым қыркүйек айында жарияланған ақпаратта жала жабудың болмағанын дәлелдеуге тырысты. Бірақ сотта заңның бұрмаланды. Ақпараттың бұрмаланғанын сарапшылардың тұжырымдамаларында да айтылған. Сараптаманы соттың зі тағайындаған еді. Артынша сарапшылардың қорытындылары судьяға ұнамай қалды. Тіпті олардың қорытындыларын қолданған жоқ”, – деп жазды журналист.  

Соннымен қатар, журналист енді айыппұл төлеуге міндеттелгенін айтты. 

2023 жылдың 8 қарашасында Шымкент қалалық ІІБ бастығының бірінші орынбасары Ермахан Әбдіраманов журналист Марина Низовкинаны жала жапты деп айыптаған. Алайда іс қажетті деректердің жетіспеушілігінен тоқтатылған. 1 желтоқсан күні полковник Әбдірамановтың журналист Марина Низовкинаның үстінен тағы да шағым түсіргені белгілі болды.

Осыған дейін Ақтөбеде мектептегі еден жуушының жұмыстан қуылғанын жазған журналистің сотталайын деп жатқаны туралы жазғанбыз. 

Талқылау