Шымкентте перзентханада көз жұмған әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Шымкенттегі перзентханада көз жұмған 28 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, тергеушілер қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу жүргізіп жатыр.
“Әйел көз жұмған медициналық мекемеде денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті тексеру жүргізіп жатыр. Тергеудің мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды”, – делінген полиция хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте перзентханаға өз аяғымен барып, баласын аман-есен босанған Зарина Сұлтан жансақтау бөлімінде жатып, 33 күннен кейін көз жұмғаны туралы жазған едік. Марқұмның анасы дәрігерлердің жас ананың өміріне немқұрайлы қарағанын айтып, шағымданды.
"Ауа температурасы +8°C-тан жоғары болуы керек": Алматы әкімдігі не үшін жылуды өшірмей отырғанын айтты
Алматылық Ерғали Жақсылықов жергілікті билікке шағымданды
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі