AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте пандемия салдарынан тоқырауға ұшыраған мейрамхана автосалон болып өзгерді

Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі хан сарайындай кең тойханалар біртіндеп өзінің нысаналық пайдалану мақсатын өзгертіп жатыр. Бірі халыққа қызмет көрсету орталықтары болса, енді бірі автосалонға айналған. Бұдан бөлек те түрлі кәсіп нысандарына ыңғайландыра бастаған. Ал тойхана иелері бұның барлығы екі жылдан бері қыспаққа алған пандемияның салдары екенін айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.

автосалон

Кезінде талай думанды той дүркіреп өткен Алматыдағы тойхана пандемиядан соң халыққа қызмет көрсету орталығына айналған. Құлжа тас жолдың бойындағы нысанға қазір келіп-кетіп жатқан жұрт көп. Бұрын базар ішіне жайғасқан орталық ыңғайсыз болса да, қалың қауым келетін еді дейді. Ал қазір сыйымдылығы 500 адамға дейін жететін зал тек орталық үшін тегін, ал қалған жеке қызмет көрсетушілер ақысын төлеп тұрады дейді басшылық. 

"Бұл жер қауіпсіз және мемлекеттік нөмірлер сақталады. Сонымен қатар мұнда мұрағат та бар. Осында көшуімізге мұрағат себеп болды деуге болады", - дейді Алматы қаласы №5 ХҚКО бөлім басшысы Айдар Ботбаев.

Шымкенттегі көптеген тойханалар да нысаналық мақсатын өзгертіп жатыр. Пандемия тойдан пайда жоқтығын көрсеткен соң, нысан иелері оны жалға беруге ыңғайлаған екен. Мәселен, 400 адамға арналған бұрынғы тойхана қазір көлік сататын орын. Ішінде 70-ке жуық жаңа көліктер тұр. Індет басталғалы есігіне құлып салынып, бос тұрған ғимаратты иесі жалға беріпті. 

"Осы пандемия басталғалы бері көп тойханалар тоқтап қалды. Көбісі маған жолықты жалға ал, бос тұр бекерге, жарыққа, газға, күзетшілерге ақша төлеп тұрмын. Жалға ал да жұмыс істе деп осы нысанды маған берді бір кісі", - деді автосалон директоры Мұзафар Ерназаров.

Шымкенттегі тойханалардың дені Абай ауданында орналасқан. Мұндағы біраз нысан пайдалану мақсатын өзгертіп, қазір тігін цехына, енді бірі жиһаз орталығына айналды дейді әкімдіктегілер. 

"Ауданда 69 тойхана бар. Оның екеуі автосалон болып қызметін жалғастырып жатыр. Біреуі азық-түлік сататын дүкен болды. Тағы бір тойханада тігін цехын ашты және бір тойханамыз кілем сату дүкені болып өзгерді", - деп мәлімдеді Абай ауданы әкімінің орынбасары Есімжан Заңқоев.

Шымкентте әзірге 12 тойхана нысаналы мақсатын өзгерткен. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр