Шымкентте өткен тәулікте Covid-19 жұқтырған адам анықталмады

Өткен тәулік ішінде Шымкентте коронавирустық инфекциясы бар науқастар тіркелген жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, қаладағы эпидемиологиялық жағдай күн сайын жақсарып келеді. 

"Бүгінгі таңда уақытша ауруханаларда төсек орындарының 88% -ы бос. Қалада жүргізілген алдын-алу жұмыстары вирустық инфекцияның төмендеуіне ықпал етті. Алайда медицина мамандары тұрғындардың демалуға әлі ерте екенін ескертеді. Олар сақтық шараларын және карантин талаптарын күшейтуге шақырады", - дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда бір тәулікте 256 адам коронавирус жұқтырып, 1470 адам аурудан айықты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр