AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте өрт сөндірушілер күш сынасты

Шымкентте Құтқарушылар күніне орай өрт сөндірушілер арасында көпсайыстық күш сынасу, яғни кроссфиттен сайыс ұйымдастырылды.

күш сынасты

Кроссфит - бұл күш пен төзімділікке арналған жаттығулар бағдарламасы. Ал өрт сөндірушілер мен құтқарушылар мұндай жаттығуларды күнделікті жасайды. Өйткені олардың қызметі шыдамдылықты, қайсарлықты талап ететін іс-қимылдардан тұрады.

Құтқарушылардың дайындығын тексеруге бағытталған сайысқа әр өрт сөндіру бөлімінен 2 өрт сөндірушіден қатысты. Гір тасын және зіл темірді көтеру, доңғалақтарды көтеру, жылжыту, түтікқұбырлармен жауынгерлік қанат жою, оқу-жаттығу мұнарасының 3-қабатына жылжымалы үш иінді сатымен көтерілу, 3-қабаттан құтқару арқанымен өзін-өзі құтқару, жайылған түтікқұбырды сегіздік әдісімен жинау бойынша күш сынасты.

Күнделікті төтенше жағдайларды жою кезінде салмағы ауыр жауынгерлік киімнен бөлек түрлі құралдарды бірге ала жүріп, демалуға мүмкін болмаған ортада қысымдалған ауаны тиімді пайдалана отырып, адам өмірін құтқаруды, өртті сөндіруді жүзеге асыратын мамандық иелері үшін мұндай дайындық күнтізбеден түскен емес.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр