Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте "Ордабасы" мен польшалық "Легия" командаларының жанкүйерлері арасында төбелес болды (видео)

Шымкентте "Ордабасы" мен польшалық "Легия" командаларының жанкүйерлері арасында төбелес болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жанкүйерлер арасындағы төбелес бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Поляктың Twitter-дегі Hooligans.cz Official аккаунтының хабарлауынша, жанжал 27 шілдеде Конференция лигасының іріктеу ойыны қарсаңында болған. Бейнежазбада екі команда жанкүйерлерінің төбелесіп жатқан сәті көрсетілген. Артқы жағында полиция сиреналары естіледі.

Айта кетейік, бұл кездесу 2:2 есебімен аяқталды. Қос команда екінші ойынды 4 тамызда Варшавада өткізеді.

Талқылау