"Ауыр дертке шалдыққан": Шымкенттік келіншек терезеден секіріп қайтыс болды
Шымкенттік келіншек көпқабатты үйдің терезесінен секіріп, жедел жәрдем келгенше қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қайғылы оқиға 17 маусым күні түнде орын алды. 47 жастағы әйел Володарский көшесінде орналасқан бес қабатты үйдің үшінші қабатынан секіріп кеткен.
Мұндай қадамға не итермелегенін Әл-Фараби аудандық полиция бөлімінің тергеушілері анықтап жатыр.
Туыстарының айтуынша, қайтыс болған келіншек бірнеше жыл бойы ауыр онкологиялық аурумен күрескен. Оның артында жасы кәмелетке толмаған қызы қалды.
Талқылау