Шымкентте өлім алдында жатқан сәбиді дәрігерлер құтқарып қалды
Шымкентте дәрігерлер клиникалық өлім жағдайына түскен сәбиді құтқарып қалды. Сәби анасының сүтіне тұншығып қалған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға Шымкент қаласындағы №2 ауруханасында тіркелді. OTYRAR сайтының жазуынша, сәбиді ауруханаға анасы алып келген. Қатты үрейленген келіншек баласының тынысы тарылғанын айтып, аман алып қалуын өтінген. Осы уақытта аурухананың анестезиолог-реаниматологы Аскат Жақыбаев көмек көрсетуге тырысады. Дәрігер бірден сәбидің жүрегін саусақтарымен уқалап, инкубациялық түтіктің көмегімен жасанды тыныс алу аппаратына жалғаған.
Фото: Оtyrar.kz
Артынша тексеру нәтижесінде сәбидің ана сүтіне тұншығып қалғаны анықталды. 18 жылдық тәжірибесі бар дәрігер сәбиді аман алып қалды. Қазір баланың денсаулығына қауіп жоқ. Үш күн бақылаудан кейін үйге шығарылады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”