Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте оқушы "Free Fire" ойыны аккаунтын сатып аламын деп алаяққа 2 миллион теңге аударған

Фото: polisia.kz

Шымкентте мектеп оқушысы алаяққа ата-анасының 2 миллион теңгесін аударып жіберген. Полиция департаментінің киберпол қызметкерлері "Anti-fraud" іс-шарасы аясында интернет-алаяқтық жасаған ер адамды ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ер адам "Free Fire" мобильді ойынының жетілдірілген аккаунтын сатамын деп мектеп оқушысынан 2 миллион теңгеден астам қаражат алған. 



6-сынып оқушысы ұсынысқа қызығып, күдіктінің нұсқауы бойынша анасының банк картасын суретке түсіріп, карта деректері мен аударым жасауға арналған кодты жолдаған. Шотында ақшаның жоғалғанын байқаған анасы полицияға жүгінген. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды.

Полиция ата-аналарға балаларына интернеттегі қауіпсіздік ережелері туралы жиі ескертіп отыруға кеңес береді. Бөгде адамдарға банк деректерін ешқашан хабарламау керектігін әрдайым еске салып жүрген абзал.

Айта кетейік, бұған дейін Астаналық сатушы "көз тиюден" арыламын деп алаяққа алданып қалғаны туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Жұма, 16 Мамыр, 2025 11:44
Талқылау
`