Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Шымкентте блогер мұғалімнен 1,2 миллион теңге бопсалады деген күдікке ілінді

Шымкентте жалпы білім беретін мектеп қызметкері полицияға арызданғаннан кейін блогерді ірі көлемде ақша бопсалау күдігімен ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Мәліметтерге сенсек, ер адам өзінің медиядағы мәртебесін пайдаланып, педагог туралы әшкерелейтін ақпаратты тарататынын айтып, қорқыту арқылы оны жарияламау үшін 1,2 миллион теңге талап еткен.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажет тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция азаматтарға қысым көрсеткен, қоқан-лоқы жасаған және бопсалаған адамдардың іс-әрекеттері қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті. Сондықтан полиция азаматтарды мұндай жағдайларда қорықпай, дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырады.


"Киімдерін шешуге мәжбүрледі": Алматыдағы сауда орталығының бірінде жасөспірім қыздар қатарластарынан ақша бопсалап, ұрып-соққан


"Метроға мінуге тыйым салу керек": Қоғамдық орында пранк жасаған блогерлер жауапқа тартылмақ


Еске салайық, бұған дейін Алматыда бопсалады деген күдікпен ұсталған екі блогер 15 жылға бас бостандығынан айырылатынын жазған едік. Алматыда блогерлер ақша бопсалап, 10 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталған еді. Кейіннен ұсталған блогер Дамир Көшеевпен және Руслан Каримов туралы және олардың қандай контент түсіргені жайлы жаздық. 

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 21 Сәуір, 2025 11:13
Талқылау