Шымкентте мүмкіндігі шектеулі жандар заңсыз салық төлеп келген
Шымкентте мүмкіндігі шектеулі жандар оларға қарастырылмаған салықтарды төлеп келген, – деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық прокуратураға сілтеме жасап.
Қадағалаушы орган қызметкерлерінің мәліметінше, Салық кодексіне сәйкес мүгедектер жылжымалы және жылжымайтын мүлікке салық төлеуден босатылған. Алайда салық органдары аталған санаттағы азаматтардан заңсыз салық төлеуді талап етіп келген
«Прокуратура органдарының ықпал етуімен аталған салықтарды төлеп келген мүмкіндігі шектеулі 1 200 азаматтың құқығы қорғалып, оларға заңсыз салынған салық төлемдері қайтарылған», – делінген хабарламада.
Қадағалау органдары жүргізген тексеру және талдау жұмыстарының нәтижесінде 433 мың азаматтың құқықтары қорғалды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”