Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте мешіттегі намаз кезіндегі ұрлық видеоға түсіп қалды

Шымкентте ер адам мешітте жұма намазы кезінде ұрлық жасаған. Оның бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ұрлық

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Еңбекші ауданының полициясына жергілікті тұрғын шағымданып, жұма намазы кезінде мешітте қуаттағышқа қосылған смартфонын ұрлап кеткенін мәлімдеген.

Бейнебақылау камераларындағы жазбаларды қарау арқылы полицейлер күдіктіні ұстаған. Видеода ер адамның шеткі қатарда отырып, барлығымен бірге намаз оқуын бастағаны көрінеді. Әрі қарай өзгелердің намаз оқығанын пайдаланып ұрлық жасап, мешіттен шығып кеткен. 

Полицейлер 30 жастағы Шымкент тұрғынын тұтқындаған. "Ұрлық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ер адам қазір уақытша ұстау изоляторында. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

Назархан Уән
Сейсенбі, 15 Ақпан, 2022 08:45
Талқылау