AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте мемлекеттік бағдарламамен табысталған үйдің сапасы сын көтермейді

Шымкентте мақтаулы кешеннен мемлекеттік бағдарламамен баспаналы болғандар кірпіші үгітіліп, сылағы түсе бастаған жаңа үйдің сапасына шағымдануда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 7 арнаның “Aibat” бағдарламасына сілтеме жасап.

Шымкенттегі “Әдия” тұрғын үй кешенінің қолданысқа берілгеніне 3 жылға жуық уақыт өткен. Алайда мемлекеттік бағдарламамен берілген баспананы тұрғындар кешен деп деуге келмейтінін айтады. 

Бес қабаттан тұратын үш үйдің қабырғасы үгітіліп, сылақтары түсіп жатыр. Жаңбыр жауған сайын үй жағдайы одан әрі нашарлауда. Сондықтан жұрттың мазасы кетіп уайымдай бастаған. Сатып алу құқығымен жалға берілген бұл баспана үшін пәтер иелері ай сайын орташа есеппен 120 мың теңге төлеп, жалдап тұрады. 

“Самұрық қазынаның” қаржылай қолдауымен салынған үйдің сапасы сын көтермеуде. Тұрғындар баспанада болуға қорқып қалғандарын айтады.

“Самұрық қазынаға да, әкімшілікке де бірнеше рет айттық. Алайда ешқандай жауап жоқ”, – дейді тұрғын Айгүл Мырзаева.

“Біз қазір осы үйлерді салған “Әдия Тұран” компаниясымен соттасып жатырмыз. Ғимарат сапасына қатысты сараптамалар жасалды. Біз қорытындысын күтудеміз”, – деп жауап берді Самұрық қазына өкілдері. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр