Шымкентте куәгерлердің көзінше қызды ұрлап кеткен: Оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Шымкентте куәгерлердің көзінше ұрлап кеткен қызға қатысты ақпарат белгілі болды. Қыз бен оны ұрлап кеткендер Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөліміне жеткізілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Хабарланғандай, ер адам екі досымен бірге қызды үйлену үшін ұрлап кеткен. Ұрлаушылардың барлығы - Түркістан облысының тұрғындары.

"18-шағын ауданында мені танымайтын адамдар ұрлап кетті. Олар мені достарына үйлендірмек болған. Ойламаған жерде көлікке күштеп отырғызып, үйіне алып кетті. Осы уақытқа дейін мен оның үйінде болдым. Менде барлығы жақсы", - дейді ұрланған қыз. 

Еске салайық, 29 наурызда әлеуметтік желіде қаладағы көп қабатты үйлердің бірінің ауласында белгісіз біреулер қызды күштеп көлікке отырғызып, кетіп қалғаны туралы видео тараған болатын.

Сол күні осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 126-бабы 2-бөлігінің 1-тармақшасы "Бас бостандығын заңсыз айыру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың осы тармағында бес жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. 


Шымкент қаласына арналған 2021 жылдың ораза кестесі

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр