Соңғы жаңалықтар

Шымкентте коронавирус жұқтырғандарды спорт кешенінде емдейтін болды

Шымкентте жұқпалы аурулар ауруханаларында орын тапшылығы салдарынан спорт кешені ғимаратында қосымша стационар ашылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

Шымкент

ЖРВИ және пневмониямен ауыратын науқастарды емдеуге арналған 450 төсегі бар күндізгі стационар 1 шілдеде іске қосылады.

"Әкім Мұрат Әйтеновтың тапсырмасы бойынша спорт кешенінде стационар дайындалып жатыр. Дәрі-дәрмектерді сақтау үшін жеті тоңазытқыш жеткізілді. Мамандардың айтуынша, мұнда 50 дәрігер, 75 медбике және 20 санитарлық қызметкер қажет. Үйлестіру үшін мұнда № 5 қалалық емхана іске қосылады", - деді әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.

Қала басшылығы өкілдерінің мәліметінше, стационар сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Сонымен қатар қалада инфекция жұқтырған науқастарға арналған 2870 кереует бар екені атап өтілді. Бүгінде оның 447-і әзірге бос.

"Маусым айында ЖРВИ-мен ауырғандардың саны екі есеге,  пневмониямен ауыратындар саны алты есеге артты. Осыған байланысты Самал шағын ауданында 400 орындық, Политехникалық колледжде 400 орындық және ҰОС ардагерлерінің орталығында 100 орындық провизорлық орындар ашылды", - деді әкімдік өкілдері.

 


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр