Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте коронавирус жұқтырған науқастарға көмектесіп жүрген еріктілер "органдар" тарапынан қысымға ұшыраған

Шымкент қаласында коронавирус жұқтырған науқастарға дәрі-дәрмек сатып алу үшін қаражат жинаумен айналысатын ерікті қыз Зарина Жиембаева "органдар" тарапынан қысымға ұшырап жатқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ерікті қыз науқастарға дәрі алып, баллон толтырумен айналысады. Айтуынша, оған есірткі сатумен айналысасың және елдің ішіне қорқыныш ұялатып жүрсің деп хабарласқан. Сондай ақ, оның Инстаграмдағы парақшасын да блокқа саламыз деп қорқытқан.

Сондай-ақ қысымға ұшыраған оның басқа да мүдделес-волонтерлері енді онымен жақын қарым-қатынастан бас тартуда: олар қылмыстық келісімге кірген адамдар ретінде қудаланады деп түсіндірген.



"Дәрі-дәрмектерді қайдан алуға болатыны жайлы пост жариялаған қыздардың барлығына енді хабарласып, сотқа беретіндіктерін айтып қорқытып жатыр", - деп Заринаға басқа ерікті қыз хабарлаған. 

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Я уже тысячу раз пожалела ,что потянула многих людей за собой 😭Это обычные люди ,которые хотели помочь в поисках лекарств!Звонят,угрожают ,что посадят якобы за контрабанду 🤦🏻‍♀️Какая контрабанда?Мне пишут с извинениями ,чтобы я удалила их номера телефонов и отказываются нам помогать в поисках лекарств для тяжело больных!Это конечно фиско 😔 Я свидетель того,что происходит в больницах снимаю вам открыто и за это получаю по шапке якобы за лжеинформацию 🤦🏻‍♀️За то ,что якобы я рассеиваю панику у населения!Вопрос ,что я сделала противозаконного?Что я сделала не так?Я обычная девчонка которая впервые сталкивается с такими проблемами!!!Я глубоко разочарована тем ,что происходит сейчас!!!Грозятся заблокировать аккаунты блогерам,хорошо заблокировав нас,вы не заткнете недовольный народ!!!Пишу,чтобы знали если ,что-то случится со страницей,мной моими родными вы знаете ,что это не просто так!!! Я безумно устала за эти 4 дня мы спим по 3-4 часа,вспоминаем,что нужно покушать к 2-и часам ночи!ЗА ЧТО НАС ТАК ТОПЯТ?МЫ СДЕЛАЛИ ОЧЕНЬ МНОГО ЗА ЭТИ 4 дня и вы это видите! Не трогайте людей,я готова понести наказание,правда сама не знаю за что! Гор.здрав сделал мне одолжение мы не требуем от вас извинений😂Простите,за что я должна извиниться?(речь идёт про матрасы которые просили)Что ж вы на прямую мне не пишите???В передаёте через,через! ВСЕ БЛОГЕРЫ ПРОСЯТ ПОМОЩИ И ЗАЩИТЫ!!!!

Публикация от ℤ𝕒𝕣𝕚𝕟𝕒 ℤ𝕙𝕚𝕖𝕞𝕓𝕒𝕖𝕧𝕒 (@zarina_zhiembaeva)

"Түрмеге жауып тастаймыз деп қорқытты. Сонда дәріханалардан басқа еш жерде дәрі сатуға болмайды", - деді Зарина.

Желі қолданушыларды еріктілерге қолдау білдірген. 

Журналистер Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтен еріктілердің қызметінде ненің дұрыс емес екендігін, және де не себепті қудалауға ұшырайды деп сұрады.

"Еріктілерге жүгінгім келеді. Қазіргі таңда адамдар қарым-қатынасында рұқсат естілмейтін нәрселер бар. Қолдан қолға алынатын дәрі-дәрмектер ауруханаға, сол арқылы науқастарға беріледі. Біз бұл дәрілердің қалай сақталғанынан, қандай жағдайда екендігінен бейхабармыз. Осы тұста туындайтын сұрақ көп, біз   дәл осы дәрі-дәрмектерге 100% - ға сенімді емеспіз.

Барлық ауруханалар, стационарлар дәрі-дәрмектерді тек "СК-Фармация"арқылы қабылдайды. Көптеген адамдар дәрі-дәрмектермен, оттегімен қамтамасыз еткісі келетінін көріп жүрмін. Бірақ дәрі-дәрмектерді мемлекет медициналық ұйымдарға жеткізіп, науқастарға тегін береді. Біз "СК

Фармациямен" жұмыс істейміз, жөнелту апта сайын жүріп жатыр", - деді әкім Мұрат Айтенов сәрсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында.

Айтеновтың айтуынша, екі апта ішінде қалаға 1,5 миллион левофлоксацин құтысы, 414 мың Цефтриаксон құтысы, 100 мың дексаметазон және 200 мың аскорбин қышқылының қаптамасы келіп түседі.

Талқылау