Шымкентте көпірдің астын паналаған қарияның туыстары іздестіріліп жатыр
11 тамызда Еңбекші ауданында еріктілер жадынан айырылған қарияны тапты. Ол өзінің атын, жасы мен өзге де ақпараттарды айтып бере алмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Отырар басылымына сілтеме жасап.
Қарияның көшеде қанша уақыт ас-сусыз жүргені белгісіз. Ол өз бетінше жүре алмайды.
"Біз оны көпірдің астынан таптық. Арып-азып кеткен, толық ештеңе айта алмайды. Тағы бір апта осылай жүрсе, не боларын да білмейміз. Жедел жәрдем шақырып, алдымен Фосфор ауруханасына жатқыздық. Бірақ дәрігерлер оның дені сау екенін, мүмкін, анемиясы бар екенін айтты. Терапевттік бөлім болғандықтан, жатқыза алмайтынын айтты. Көшеде өліп қалуы мүмкін. Жақын туыстары табылғанын қалаймыз. Бұл жерге қалай тап болды? Жақындары табылса екен”, – деді Лидер еріктілер қозғалысының жоғалған адамдарды іздеу бойынша координатор Людмила Герасимова.
Еріктілер қарияның туыстарын БАҚ арқылы тапқысы келеді. Ұйымның телефон нөмірі: 8 777 679 18 24.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн