Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте көліктерге жалған нөмір жасаумен айналысқан цех анықталды

Шымкентте көліктерге жалған мемлекеттік нөмір жасайтын цех анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото бейнежазбадан алынған

Шымкент-Самара тасжолында жалған нөмір тағып ұсталған Нива қожайынының соңынан түскен түркістандық полицейлер тіркеуде жоқ нөмірлерді жасап жүрген цехты басшысымен қоса ұстапты.

Цех қожайыны ғимараттың қабырғаларына дейін өтірік нөмірлерді жабыстырып тастаған. Тінту кезінде шеберхана ішінен 103 дана нөмірлік белгі, жүзден астам голограммалық жапсырмалар мен нөмір жасауға арналған станок табылған. Жасанды нөмірлердің сырт көзге заңды нөмірден айырмашылығы жоқ. 

Заңсыз кәсіппен айналысқан азамат тергеушілерге жауап беруде. Қазір оның бұл жұмысты қашан бастағанын, неше жалған нөмірді қанша теңгеге сатқанына дейін анықталып жатыр.

Талқылау