Шымкентте қол астындағы қызметкерлерінің жемқорлығы үшін 24 шенеунік жауапкершілікке тартылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т. Серікбаев бағыныштылардың жемқорлығы үшін басшылардың жауапты болатынын хабардар етті.

Спикердің айтуынша, бүгінде әрбір қылмыстық іс бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ҚР ҚПК 200-бабы шеңберінде сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жою бойынша ұсыныстар енгізілуде. Олардың барлығы департамент өкілдерінің қатысуымен еңбек ұжымдарында қаралады.
Осы іс-шаралар аясында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен себептер қаралады, құқықтық актілер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қайта қарау бойынша ұсыныстар енгізіледі.
Қылмыстық істерді тергеу шеңберінде мемлекеттік органдарға 49 ұсыным енгізіліп, оның 46-ы қаралған.
Нәтижесінде бойынша 24 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 3-уі атқарып отырған лауазымынан босатылса, 5 жұмыстан босатылды.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық