AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте қыздарды Бахрейнге жезөкшелікке сатып жіберген әйелдер сотталды

Бахрейн Корольдігінде қыздарды жыныстық құлдыққа сатқан Шымкенттің үш тұрғыны 6 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап. 

Іске қатысты сот отырысы жабық есік жағдайында өтті. Бұл іске барлығы 7 жәбірленуші қатысты.

Қыздарға барларда, қонақүйлерде жалақысы жоғары жұмыс тауып береміз деген олар шетелге алып барып, құжаттары мен телефондарын тартып алып, жезеөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Олардың барлығын бір үйде ұстап, бір-бірімен сөйлесуге шектеу қойған. 

Зардап шеккендер Бахрейнде бір жылдай интимдік қызмет көрсеткен. Артынша жергілікті полиция жезөкшелікпен айналысатындарды құрықтаған. 

Патшалықта сотталғандарға Мәжит есімді жергілікті сутенер көмектескені белгілі болды. Шымкенттік әйелдер Мәжиттен қыздарды Бахрейнге жеткізгені үшін ақша алып отырған. 

"Іс материалдары бойынша әйелдердің Бахрейндегі Мәжит есімді сутенермен таныс болғаны анықталды. Ол қыздарды Бахрейнге жеткізгені үшін сыйақы беремін деп уәде еткен", – деді Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық сотының судьясы Сәбит Төреханов.

Қазақстандық әйелдерден басқа жезөкшелікке салынғандардың арасында ТМД елдерінен келген әйелдер де болды.

Шымкентте Бахрейндегі қазақ әйелдерін сексуалдық құлдыққа сату ісіне қатысты тағы бір беделді сот процесі жүріп жатыр. Бұл жағдайда трансұлттық қылмыстық топтың ұйымдастырушылары сотталады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр