Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте қыз ұзатпақшы болғандар ұсталды

Шымкентте полицейлер жүргізген рейдтің нәтижесінде қыз ұзату жасамақшы болғандар анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

кафе

6 тамыз күні сағат 17:00-де "Бомонд" кафесінде Қыз ұзату болып жатыр деген ақпарат полицейлерге келіп түскен. Аталған оқиға бойынша әкімшілік кодекстің 425 бабы 1 бөліміне сәйкес той ұйымдастырушылардың үстінен "Санитарлық-эпидемиялогиялық жағдайды және гигиеналық талаптарды бұзғаны үшін" хаттама толтырылып, Абай ауданыны тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілген. 

Айта кетейік, елімізде жарияланған карантин кезінде халық жаппай жиналатын мерекелік іс-шаралар мен жиындарды өткізуге тыйым салынған. 

Талқылау