Шымкентте киім дүкенінде ұрлық жасаған әпкелі-сіңлілер ұсталды
Шымкенттегі сауда орталығының бақылау камераларына әпкелі-сіңлілердің ұрлыққа түскен сәті түсіп қалған. Олар ерлер, әйелдер және балалар киімдерін сөмкелеріне салып, содан кейін ақшасын төлемей кетіп қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бейнежазбадан скриншот
Қаскөйлер ұсталды. Олар әпкелі-сіңлілер болып шықты. Қылмыстық кодекстің 188-бабының 2-бөлігі "Алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаған ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Бұл қылмыс үшін бес жылға дейін түрме жазасы қарастырылған. Оларға сыртқа кетпеу қағазы берілген. Ұрланған тауар дүкенге қайтарылды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”