AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте кеңсе қағазының өндірісі тоқтады

Шымкентте шикізат дұрыс жеткізілмегендіктен кеңсе қағазының өндірісі тоқтап қалды. Зауытта өзге жеткізушіні табудың оңай болмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап. 

зауыт

Кәсіпорында жұмысты қалыпқа келтіру үшін мемлекеттің араласуы керек екенін айтты. 

Бұған дейін кәсіпорын А4 форматындағы 3 миллион қаптама мен А3 форматындағы қағаздың 300 мың қаптамасын шығарған. Қазір өндіріс толығымен тоқтап тұр. 

Сондай-ақ елімізде кеңсе қағазының тапшылығы байқалған. Саудагерлер импорттық тауардың жеткізілуі қысқарғандықтан, бағаның бірден өсіп кеткенін айтады. Енді қағаздың бір қаптамасын екі есе бағаға сатып алуға тура келеді. 

"Қазақстан өз-өзін шикізатпен қамтамасыз ете алмайды. Орманның негізгі бөлігі Ресей және Финляндияда. Целлюлозды-қағаз комбинаты қазақстандық компаниялар арқылы шикізатты бізге сатады. Жылдық көлемді білу үшін тікелей өзіміз сатып алуымыз керек. Бұлай болған жағдайда сырттан өнім әкелетіндермен бәсекеге түсе алар едік. Егер толық қуатта жұмыс істесек, нарық қажеттілігінің 20%-ын өтейміз", - деді зауат директорының орынбасары Қанат Әлімбаев.  

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр