AAPL
140.82 $
-5.64 %
TSLA
709.81 $
-6.8 %
NDAQ
142.09 $
-4.5 %
GOOGL
2237.99 $
-3.93 %
FRHC
41.11 $
-5.52 %
AAPL
140.82 $
-5.64 %
TSLA
709.81 $
-6.8 %
NDAQ
142.09 $
-4.5 %
GOOGL
2237.99 $
-3.93 %
FRHC
41.11 $
-5.52 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәсіпке айналдырған: Шымкентте қайыр сұрайтындардың қатары көбейіп кеткен

Шымкентте қайыршылар саны өскен.Полицейлер оларға айыппұл салып, кейбірін тұтқындаған. Елге заңсыз келгендерді өз елдеріне қайтарған. Дегенмен, бұл оларды қатты алаңдатпайды. Көп жағдайда олар өз орнына қайтып келеді. Қол созып, қайыр тілейтіндер адам көп жиналған орындарда тұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасының жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап. 

қайыр тілеу

Шымкентте адам көп жиналатын орындар мен көшелерде қайыршылар көбейген. Олар жол үстіне шығып, көлік жүргізушілерінен де қайыр сұрайды. Полиция қызметкерлері қайыр сұраушыларды қуып жібергенімен, біраз уақыттан кейін қайтып келеді екен. 

Қаладағы "Ордабасы" алаңы қайыр сұрайтындардың тұрағына айнаған. Полицейлердің айтуынша, кейбірі неліктен ақша жинайтынын жасырмайды екен. Кейбірі өз өміріндегі қиындықтар жайлы айтса, екіншілері жасыруға тырысады дейді. 

Рая есімді кейуана алаңда тұрып, садақа жинайды. Тұрғындардың берген ақшасы немерелеріне тамақ алуға жететінін айтады. Сонымен қатар олардың оқуына деп ақша да жинайды екен. 

Кейуананың айтуынша, барлығы шын себептерін айтпайды. Әрі кейбір қайыршыларды таңертең көлікпен алып келеді екен. 

"Ер адамдар арбамен алып келеді. Сосын келіп, қайта алып кетеді. Бұрын олардың саны көп болған", – дейді Рая әжей. 

Жыл басынан бері полицейлер 2 650 қайыршыны ұстап, айыппұл салған. Кейбірі елден шығарылған. 

"Биыл қайыршылықпен айналысқан 7 шетел азаматын ұстадық. Өз елдеріне қайтарылды. Олар Өзбекстан Республикасының азаматтары болған", – деп хабарлады Шымкент қаласы Полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің басшысы Данабай Әлиев.

Қазір полицейлер қайыр тілеуді кәсіпке айналдырып, адамдарды мәжбүрлейтіндерді іздеп жатыр. 
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр