Шымкентте кәсіпкер мүгедектігі бар балаларға арналған алаңқайды салу кезінде 3 миллион теңге жымқырған
Қаржылық мониторинг агенттігі Шымкетте арнаулы балалар алаңқайын салу кезіндегі ақша жымқыру дерегі туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
ЖШС басышысы 2019 жылы мүгедектігі бар балаларға арналған алаңқай салу кезінде істелген жұмыс актісіне жалған мәлімет енгізіп, 3 миллион теңге ұрлады деген күдікке ілінді.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпарат Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.
Агенттік мәліметінше, ата-анасының қамқорлығынсыз немесе жетім қалған, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қатысты ақша ұрлау деректерін анықтау бойынша үнемі жұмыс жүргізілетінін мәлімдеді.
Талқылау

"Суды артық пайдаланса, тариф 30% қымбаттайды": Қазақстандықтар су нормасы туралы жаңа ережеге қарсы шықты
Министрліктің мәліметінше, бұған дейін әр өңірде су бағасы әртүрлі есептелген

Астаналық әйел тірі ұлын "өлтіріп", 100-ге жуық әріптесінен ақша жинаған
Жәбірленуші: "Гүлмира Ашимов Ұлттық ұландағы подполковниктің әйелі"