Шымкентте карантиндік шектеулер тағы ұзартылды

Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаладағы шектеу шараларын ұзарту туралы жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қаулыға сәйкес, Шымкент қаласының аумағында 2021 жылғы 11 қантар сағат 00:00-ден бастап 2021 жылғы 25 қаңтар сағат 00:00-ге дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылады.

Шымкент қаласының тұрғындарына және қонақтарына төмендегідей шектеулер енгізілді:

  • адамдардың көп жиналуына байланысты кез келген іспараларды өткізуге тыйым салынсын (еске алу, туған күндер, мерей тойлар, шығарып салу, құдалық, той, беташар және басқа);
  • 65 жастан асқан адамдардың қалада жүруі шектелсін;
  • қалада жүріп-тұру кезінде басқаларды кию бойынша талаптарды сақтау және адамдар арасында кемінде 2 метрге дейін әлеуметтік қашықтық сақталсын;
  • үйлердің аулаларына және саябақтарға, алаңдарға, скверлерге, жағалауларға барып серуендеуге 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелеріне рұқсат етілсін;
  • үйлердің аулаларындағы, жалпы пайдалану орындарында балалардың ойын алаңшаларына баруына а, 3 адамнан аспайтын топтарға рұқсат етілсін;
  • қоғамдық орындарға, адамдар көп жиналатын объектілерге барғанда, соның ішінде қоғамдық көліктерге кірген кезде, бетперде киюді, антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптар қатаң сақталсын.

Сонымен қатар бірқатар объектілердің жұмыс істеуіне тыйым салынды:

  • кезекші топтарын (топта 15 адамнан аспайтын) қоспағанда балалардың мектепке дейінгі ұйымдарының және сауықтыру лагерлерінің жұмысы тоқтатылсын;
  • 50-ден астам отыратын орны бар қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс істеуіне тыйым салынсын. Жеткізу және шығару режимінде жұмыс істейтін қоғамдық тамақтандыру нысандары қалыпты режимде жұмыс істесін;
  • аквасаяжайларының, жағажайлардың жұмыс істеуіне тыйым салынсын;
  • қалыпты режимде жұмыс жасайтын ашық алаңда орналасқан аттракциондардың жұмысын қоспағанда, аттракциондардың жұмысы тоқтатылсын;
  • цирк, көңіл көтеру мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, балалардың ойын алаңдары және жабық болмелердегі аттракциондар, батуттар және тағы басқалар), букмекерлік конторларының жұмысына тыйым салынсын.

Қаулыда қоғамдық орындардың жұмыс істеу уақыты айқындалды:

  • азык-түлік базарларымен, азық-түлік емес базарлардың (мамандандырылған, киім-кешек, мал және автокөлік базарлары), жәрмеңкелердің қызметі, сыйымдылығы 30% аспайтын және 1 келушіге 4 шаршы метр арақашықтықты сақтаумен жұмыс күндері сағат 06:00-ден 18:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері 09:00-ден 17:00-ге дейін уақыты шектеліп, жабық емес базарлар қалыпты жағдайда жұмыс істесін. Бұл ретте санитариялық-дезинфекциялық жұмыс жүргізуге аптаның бір күні белгіленсін. Жәрменкелердің жұмысын санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды ұйымдастырып, оның ішінде дезинфекциялық тоннельдерді және санитайзерлерді орнатуын қамтамасыз етілсін;
  • СПА-орталықтары, әсемдік салондары, шаштараз, косметикалық және косметологиялық қызметтер, маникюр және педикюр қызметтерін көрсететін орталықтары мен салондардың (алдын ала жазылу бойынша бір келушіге 4 шаршы метр) жұмыс уақытын 09:00-ден 23:00-ге дейін шектеумен жұмыс, демалыс және мереке күндері жұмысы ұйымдастырылсын;
  • қоғамдық моншалардын және сауналардың сыйымдылығы 50% аспайтын және бір келушіге 4 шаршы метр, жұмыс уақытын 09:00-ден 23:00- ге дейін шектеумен жұмыс, демалыс және мереке күндері жұмысы ұйымдастырылсын.
  •  мәдениет объектілерінің (жеке және топтық репетицияларға 30 адамнан аспайтын қатысушылар), театрлар (сыйымдылығы 50% адамнан аспайтын, бірақ 100 адамнан артық емес, «InfoKazakhstan.kz», порталда тіркелумен, бетперде кию режимі, әлеуметтік қашықтық және ҚР БМСД №67 қаулысының талаптары сақталған жағдайда) кітапханалардың, мұражайлардың жұмысы қалыпты режимде рұқсат етілсін;
  • діни объектілерде (мешіт, шіркеу, соборлар, синагог және т.б.) КР БМСД №67 қаулысының талаптарын сақтаумен, санитариялық-дезинфекциялық режимі күшейтілген залды 30%-ға дейін толтыруын, бірақ 100 адамнан асырмай, жұма намазын қоспағанда, мешіттерде намаз (бес уақыт намаз) ұжымдық құдайға құлшылық ету жұмысын қалыпты режимде жүргізуіне рұқсат етілсін;
  • қалыпты режиміндегі жеткізу және шығарумен жұмыс жасайтын нысандарының жұмысын қоспағанда, лүңгіршектердін, оның ішінде піскен тағамдарды, фастфуд, жұмсақ балмұздақ, сусындар сататын орындардың жұмысы 09:00-ден 23:00-ге дейін ұйымдастырылсын;
  • сауда, ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің (дүңгіршіктердің), сауда желілерінің сыйымдылығы 30% аспайтын, бір келушіге 4 шаршы метрден кем емес арақашықтықты сактаумен жұмыс күндері сағат 09:00-ден 23:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері 09:00-ден 22:00-ге шектелсін;

Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр