Соңғы жаңалықтар

Шымкентте карантинді тағы да ұзартты

Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев карантин мен шектеу шараларын 22 маусымға дейін созды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шара 7 күн ішінде коронавирус аурушаңдығының 3,7 пайызға өсуіне байланысты қабылданды.

Қала тұрғындарына, меншік нысанына қарамастан Шымкент қаласының ұйымдары мен кәсіпорындарының басшыларына карантин аяқталғанға дейін:

1) маска, қолғап кию (халыққа қызмет көрсету кезінде) және антисептиктерді қолдану, қоғамдық орындарға, соның ішінде қалалық қоғамдық көлікте және қызметі рұқсат етілген объектілерге бару кезінде әлеуметтік қашықтықты сақтау жөніндегі талаптарды қатаң сақтау. Халыққа қызмет көрсететін объектілерге қызметкерлерді уақтылы ауыстыра отырып, қосымша бір реттік қолғаптармен қамтамасыз ету;

2) ерекше қажеттілік болмаса қала бойынша қозғалысты шектеуге;

З) кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдар меншік нысанына қарамастан, қызметкерлер мен келушілердің санитарлық-карантиндік және шектеу шаралары талаптарының сақталуына қатаң бақылауды қамтамасыз етсін.

З. Шымкент қаласының әкіміне, Шымкент қаласы аудандарының әкімдеріне, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармаларының басшыларына, Шымкент қаласының полиция департаментінің бастығына, Шымкент қаласының мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдарының басшыларына, кәсіпкерлік субъектілеріне:

1) жолаушыларды қоғамдық көлікке маскасыз жібермеу;

2) жолаушылар ағынын ескере отырып, қалада көлік қозғалысын қамтамасыз ету;

З) қоғамдық көлікте жолаушыларды тасымалдауға қатаң рұқсат ету,
көзделген отырғызу орындарынан аспай;

4) қоғамдық көлікте санитарлық-дезинфекциялық жұмыстарды күшейту;

5) барлық базарлардың (азық-түлік, азық-түлік емес, Құрылыс тауарлары, автоқосалқы бөлшектер, автомобильдер, мал базарлары) жұмыс уақытын сағат 06.00-ден 19.00-ге дейін шектеу;;

6) қоғамдық тамақтану объектілері үшін жұмыс уақытын 23.00 сағатқа дейін белгілеу, үстелдерді орналастыру бойынша талаптарды және басқа да талаптарды қатаң сақтау,

7) меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен кәсіпкерлік субъектілеріне карантиндік және санитарлық-індетке қарсы талаптардың сақталуын күшейтсін;

8) сауда-ойын-сауық орталықтарына, кешендерге және сауда үйлеріне олардың аумағында орналасқан кинотеатрлардың, балалар ойын алаңдарының, мұз алаңдарының, батуттар мен фудкорттардың жұмысын қайта бастауға жол бермеуге міндетті.

4. Шымкент қаласының Денсаулық сақтау және білім басқармаларының басшыларына, Шымкент полиция департаментінің бастығына:

1) денсаулық сақтау объектілерінде және білім беру объектілерінде, оның ішінде ҰБТ өткізу кезінде карантиндік және санитарлық-індетке қарсы талаптардың сақталуын күшейтуді қамтамасыз ету;

2) объектілер мен іргелес аумақтарда адамдардың жаппай жиналуына жол бермеу.

6. Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығына, Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің басшысына, Шымкент қаласы аудандарының әкімдеріне және Шымкент қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының басшыларына:

1) шомылу және демалыс орындарында адамдардың жаппай жиналуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау;

2) жеке үйлерде және басқа жерлерде (жалға алынған үй-жайлар, алаңдар, аулалар және басқалар) жаппай іс-шаралар өткізуге жол бермеу жөнінде шаралар қабылдасын.

7. Шымкент қаласы аудандарының әкімдері, Шымкент қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының басшылары және Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығына:

1) өз жұмысын қайта бастаған объектілерді мониторингпен қамтамасыз ету;

2) карантин кезеңінде белгіленген карантиндік және санитарлық-індетке қарсы талаптардың бұзылуын анықтау, тиісті әкімшілік шаралар, оның ішінде нормативтік құқықтық актілерге сәйкес объектінің қызметін тоқтата тұру жөнінде шаралар қолдану.

9. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр