Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте карантин шаралары ұзартылды

Шымкентте эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін шектеу шараларының мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Шымкент бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Адам көп шоғырланатын шаралар өткізуге тыйым салу, жасы 65-тен асқан адамдардың қоғамдық орындарда жүріп-тұруын шектеу шаралары жалғасатын болады. 

Ұлттық құрама мен клубтық командалардың (30 адамнан аспайтын) жаттығуына рұқсат берілді. Сквер, саябақ пен жағалаулар бұрынғы режимде жұмыс істей береді.

Қоғамдық транспорт санын көбейту тапсырылды. 

Қаулы 10 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Оның толық мәтінімен мына жерде танысуға болады. 

Айнұр Мұхади
Бейсенбі, 09 Қыркүйек, 2021 10:37
Талқылау