Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаланың бас санитар дәрігері Шымкенттегі карантин шектеулерін ұзартты

Шымкенттің бас санитар дәрігері қалада карантин мерзімін ұзарту туралы қаулы жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Шымкент қаласында карантин режимі және коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шектеу шаралары 2021 жылдың 28 маусымынан бастап эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылсын", -делінген бас санитар дәрігердің қаулысында. 

Бас санитар дәрігердің бұйрығына сәйкес, Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына адамдар көп жиналатын туған күн, мерейтой, құдалық, той, беташар және басқа кез келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынды.

Сонымен қатар, 65 жастан асқан адамдардың қалада жүруі шектеліп, маскалық режим сақтау міндетеледі. 

Қоғамдық тамақтандыру нысандарының жұмыс кестесі қысқартылды. Кафелер мен мейрамханалар қонақтарды таңғы сағат 7-ден түн ортасына дейін, Ashyq жобасының қатысушылары - түнгі 2-ге дейін қабылдайды. Театрлар, кинотеатрлар, концерттік залдар, филармонияларда залдағы адам саны 20%-дан, Ashyq қатысушылары үшін 40%-дан аспауы тиіс.

Талқылау