Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте карантин 11 қаңтарға дейін ұзартылды

Шымкенттің бас санитар дәрігері шектеу шараларын енгізу туралы қаулыға өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Шымкент қаласының аумағындағы карантин мен шектеу шаралары 2020 жылғы 21 желтоқсан сағат 00.00-ден 2021 жылғы 11 қаңтар сағат 00.00-ге дейін ұзартылсын", - делінген қаулыда.

Осылайша, бұрынғы шектеулер күшінде қалады, оның ішінде: жаппай іс-шараларға тыйым салу, 65 жастан асқан адамдарға көшеге шығуға тыйым салу және т.б. бар.

Қаулының толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.

STAN.KZ
Бейсенбі, 17 Желтоқсан, 2020 12:58
Талқылау