Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қару ұрлаған үш азамат ұсталды

Қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қару ұрлады деген күдіктілер Шымкенттен ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті тергеу басқариасының басшысы Дәулеткелді Абдраманов айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Отырар” арнасына сілтеме жасап.

Оның сөзінше, Алматы дүкендерінен қару ұрлаған үш күдікті қолға түсті. Олардың екеуінің Алматыда пәтер жалдап тұратыны белгілі болды. Ал үшіншісі ескі таныстарының үйінде қонақта болған. 

Қару дүкені тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан. Жас жігіттер ыңғайлы сәтті пайдаланып, ұрлық жасап пайда табуды көздеген. Олар дүкеннен қолға түскен қарудың бәрін алып, жасырыну мақсатында Шымкент қаласына қашқан. 



Екі аңшылық "Сайга" қаруы мен 70 оқты жігіттер алып-сатарларға сатып үлгерген. Құқық қорғау қызметкерлері оларды да анықтап, қолға түсірді. Ал тирға арналған винтовканы ұрлықшылардың бірі өзінде қалдырған. 

"Факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚК-ның 291-бабы ("қару ұрлығы") бойынша енгізілді. Үш күдікті де Түркістан облысының тұрғындары болып табылады. Қазір олар қамауда", - деп түсіндірді Абдраманов. 

Назгүл Әбушәріпқызы
Бейсенбі, 16 Маусым, 2022 15:01
Талқылау