Шымкентте қалалық полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды
Шымкент қалалық полициясының басшысы алмасты. Бұл лауазымға генерал-майор Қайрат Дәлбеков тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қайрат Дәлбеков бұған дейін Маңғыстау және Түркістан облыстарының полиция департаменті басшысы қызметтерін атқарған.
Қайрат Дәлбеков Түркістан облысының тумасы. Ал 2017 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер басқармасын басқарған. Бұдан кейін ОҚО Түркістан облысы болып өзгергеннен кейін, Түркістан облысының полиция басшысы болып тағайындалды.
Ішкі істер министрлігінің көші-қон саласындағы қызметтердің бір бөлігі еңбек министрлігіне берілді
Мұның алдында Дәлбеков төрт жыл Маңғыстау облысы полиция департаментін басқарған.
Қайрат Дәлбеков 1963 жылы 1 қыркүйекте дүниеге кеген. Қарағандыдағы Ішкі істер министрлігінің Жоғарғы мектебін аяқтаған. Ішкі істер органындағы еңбек жолын 1989 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының атқарушы комитетінде жедел бөлім қызметкері ретінде бастаған.
Айта кетейік, бұған дейін Шымкент полицейлер жалақыларының төмен екенін айтып, Президенттен көмек сұраған еді.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
