Шымкентте ирригациялық арықтар тазалануда
Шымкент қаласының Еңбекші ауданы аумағында алдағы күзгі, қысқы жауын-шашын маусымында су басудың алдын алу мақсатында кестеге сәйкес ирригациялық арықтарды санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Мердігер мекеме "ЛТД Тұрмыс" ЖШС тарапынан Елшібек батыр, Ерімбетов, Рысқұлов, Уәлиханов көшелері мен шағынаудандар аумағында орналасқан ирригациялық арықтар тазаланды.
Бұл бағыттағы жұмыстар аудан әкімі аппаратының бақылауында және тұрақты түрде атқарылады.
“Су басудың алдын алу – жалпы тұрғындардың міндеті. Қала тұрғындарын үй жанындағы ирригациялық арықтарды тұрмыстық және құрылыс қалдықтарынан уақтылы тазалап, санитарлық жағдайды сақтауға шақырамыз”, – деді әкімдік өкілдері.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”