Шымкентте ғимараттың төбесі құлап, үш адам мерт болды
Шымкентте «Ордабасы» индустриалды аймағында бес қабатты ғимарат құлады, үш адам қаза тапты.
Апат туралы төтенше жағдайлар департаментіне сенбі, 13 ақпанда хабарланды. Еңбекші ауданындағы Қапал батыр автожолының бойында орналасқан «Ордабасы» индустриалды аймағында ғимараттың төбесі құлап түсті, деп жазады «Отырар» басылымы.
Бес қабатты ғимаратта бесінші қабаттың темір бетон плиталарының 625 шаршы метрі құлады. Ғимарат жұмысқа жарамсыз, жалпы ауданы екі мың шаршы метр.
Оқиға орнына жедел құтқару отрядының құтқарушылары, апаттар медицинасы орталығының бригадасы және кинологиялық экипаж тартылды. Кинологтар үйінділердің астынан 1967, 1992 және 1999 жылы туылған үш ер адамның денесін тапты.
Алдын ала мәліметтер бойынша, олардың бірі күзетші болып жұмыс істесе, қалғандары иесіз дүкеннің металл құрылымдарын бөлшектеумен айналысқан.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”