Шымкентте футболшылар алаңда төбелесіп, екі ойыншы ауруханаға түсті

Шымкентте “Ордабасы” мен “Ақтөбе” жастар командалары арасындағы футбол матчында ойыншылар арасында жаппай төбелес болды. Желіде тараған ақпаратқа қатысты Ақтөбе клубының баспасөз қызметі түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға жасөспірімдер арасындағы матч кезінде болған. Екінші таймның басында алаңда жанжал шығып, ол жаппай төбелеске ұласқан.
“Өкінішке қарай, қақтығыс салдарынан “Ақтөбе” командасының екі ойыншысы ауруханаға жеткізілді. Бірінің жақ сүйегі сынған, екіншісі иегінен жарақат алған. Бірінші ойыншыға ота жасалады”, – делінген хабарламада.
Мансабын аяқтаған Луиш Нани дебют жасаған ойында “Ақтөбе” жеңіліп қалды
Футбол клубы зорлық-зомбылықты қатаң айыптап, бұл оқиғаға қатысты құзырлы органдар жан-жақты тексеру жүргізетініне сенім білдірді.
Айта кетейік, бұған дейін Таразда мас жолаушы автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасағаны хабарланған еді.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді