Мансабын аяқтаған Луиш Нани дебют жасаған ойында “Ақтөбе” жеңіліп қалды
Фото:”Ақтөбе” фк
Ақтөбе футбол клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны барысында Ресейдің “Уфа” командасымен өткен бақылау матчында ірі есеппен жеңілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Аталған ойында атақты португалиялық футболшы Луиш Нани “Ақтөбе” сапында алғашқы дебютін жасады.
Тартысты өткен ойында ресейлік клуб “Ақтөбені” 4:1 есебімен ойсырата ұтты. Ал қазақстандық команда сапынан жалғыз голды Артур Шушеначев соқты.
Айта кетейік, “Ақтөбе” қаңтар айында Нанимен келісімшартқа отырған. Алайда футболшы 2024 жылдың желтоқсанында кәсіби мансабын аяқтағанын ресми түрде мәлімдеген еді.
Қазақ клубтары қайтадан жасы келген футбол жұлдыздарын сатып алып жатыр: Бұл пиар ма әлде пайда ма?
Нани кәсіби мансабында 617 матч өткізіп, 129 гол соғып, 141 нәтижелі пас берген. Сондай-ақ Португалия ұлттық құрамасы сапында 111 ойынға қатысып, 24 гол және 24 ассист авторы атанған.
Қазақстандық мұғалімдер жұмыстан тыс уақытта түнгі рейдке шығуға әлі де мәжбүр екенін айтты
Мұндай істі міндеттесе мектеп басшылығына 86 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынады
Түркістандық көпбалалы ана үйіне келіп жәрдемақыдан бас тартуды талап еткендерге шағымданды
Әсел: "Сөйте тұра маған “сіз А категориясындағы отбасына жатасыз" деді"