Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте ер адам досымен бәстесіп, 26 қалам жұтып қойған

Фото: depositphotos.com

Шымкентте 38 жастағы ер адам досымен бәстесіп, 26 қалам жұтып қойған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ер адам досына батылдығын дәлелдегісі келіп, қаламдарды бірінен соң бірін жұта берген. Біраз уақыттан кейін ер адамның жағдайы нашарлап, асқазаны мен ішегінде ауру пайда болған. Ер адам ауруханаға жеткізілді.

Дәрігерлер науқастың асқазан-ішек жолында бөгде заттар бар екенін анықтап, шамамен екі сағатқа созылған ота жасады. Мамандар эндоскопиялық әдіспен асқазаннан 26 қалам алып шыққан.


Ер адам 12 жасында жұтып қойған тіс щеткасын асқазанынан 52 жылдан кейін ғана алды

Қызылордада 1,5 жасар бүлдіршін батарейка жұтып қойып, көз жұмды: Қыздың ата-анасы өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр


Қазір науқастың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр. Дәрігерлердің бақылауынан кейін науқас үйіне шығарылған.

Дәрігерлер тұрғындарды өз денсаулығына мұқият қарауға және ауыр салдарға әкелуі мүмкін қауіпті әрекеттерден, әсіресе бөгде заттарды әдейі жұтудан аулақ болуға шақырды.

Еске салсақ, бұған дейін қарағандылық дәрігерлер 22 магнит жұтып қойған баланың өмірін құтқарып қалған еді.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 14 Қазан, 2025 22:17
Талқылау