Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте ер адам белгісіз жағдайда жоғалып кетті

Шымкентте белгісіз жағдайда жоғалып кеткен ер адам бір жылдан бері табылмай жатыр. 2021 жылдың 19 сәуірінде үйінен шығып кеткен Сергей Орлянский үйіне қайтып оралмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап. 

ер адам

Үміт үзбеген жақындары Сергей үйіне аман-есен оралады деп сенеді. Бұл уақыттан бері баласының қайта оралуын күндіз-түні тілеген анасы қайтыс болған.

"Қанша іздеу жұмыстары жүргізілсе де, табылмады. Уайымдап, тауып беруін сұраған анасы да қайтыс болды", – дейді Lider еріктілер қозғалысының координаторы Людмила Герасимова.

Ер адам белгісіз жағдайда жоғалған. Іздеу жұмыстарын жүргізген еріктілер Сергейді құлдыққа алып кетті немесе қаза тапты деп есептейді. 

"Бірі құлдық деді, енді бірі өлтіріп кетуі мүмкін дейді. Себебі жақындарының сөзінше, көп жанжалдасқан, мінезі сондай болған екен. Қандай жағдай болмасын, іздеуді әрі қарай жалғастырамыз. Сондықтан БАҚ-пен серіктес болып, ол туралы ақпарат, суреттерін таратамыз. Көрген-білген адамдар болса, кез-келген ақпарат маңызды", – деп қосты Людмила Герасимова. 

Талқылау