Шымкентте базар маңында ер адам арыстанның күшігін сатпақ болған
Шымкентте арыстанның күшігін сатпақ болған азамат ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Видеодан скрин
Түркістан облысының тұрғыны жабайы жануарды базар маңында саудалаған.
Күдікті жануарды торға қамап, көлігінің жүк салғышында алып жүрген. Сөйтіп жүріп тәртіп сақшыларының көзіне түсіпті. Қазір күдіктінің жабайы аңды қайдан әкелгені және қаншаға сатпақ болғаны анықталып жатыр.
Ал тәркіленген арыстанның күшігі хайуанаттар бағына табысталды. Осы әрекеті үшін күдікті үш жылға дейін сотталуы немесе 11 миллион теңгеге дейін айыппұл арқалауы мүмкін.
"Түркістан облысының тұрғыны арыстан күшігін сатып тұрғанын анықтады. Жәйт бойынша полиция департаментімен қылмыстық іс тіркелді. Жануар мамандарға тапсырылды. Қазір тергеу жүргізілуде” – деді Шымкент ПД ресми өкілі Бағлан Исатаева.
Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысының тұрғыны үйінде арыстан асырағаны туралы жазған едік.