Шымкентте елордалық құрылыс компаниясының жаңа жобасы салынады
Orda Invest құрылыс компаниясы Шымкент қаласында комфорт класындағы жаңа жобаны нарыққа шығарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Capital тұрғын үй кешені дамып келе жатқан Нұрсат шағын ауданында орналасқан, мұнда мектептер, балабақшалар, супермаркеттер, дәріханалар және басқа да ыңғайлы өмір сүруге қажеттінің бәрі жақын жерде. Сондай-ақ үйдің жанында "Түркістан Сарайы" атты Мәдениет сарайы, Жұмат Шанин атындағы драма театр, "Метро" сауда үйі, Rahima Plaza СОСО, НЗМ сияқты қаланың негізгі нысандары орналасқан, сонымен қатар жаңа мешіт салынып жатыр.
Жоба 9-12 қабатты блоктардан тұрады. Ғимараттың қаңқасы ретінде монолит таңдалған. Нысанның сыртын қаптау үшін беріктігі мен күн сәулесіне төзімділігімен танымал талшықты цемент тақталары қолданылады.
Үйдің кең ауласында әр тұрғын өзіне ұнайтын іспен айналыса алады. Үй аумағында әртүрлі жастағы балаларға арналған ойын алаңдары қарастырылған. Спортпен шұғылданатын адамдар спорт алаңында немесе көпфункционалды алаңда жаттыға алады. Көгалдандыруға көп көңіл бөлінеді, тұрғын үй кешенінің жобасына сәйкес гүл бағы және бұталы қоршау салу жоспарланған. Ауланың қауіпсіздігі үшін тәулік бойы бейнебақылау жүргізіледі және тұрғын үй кешені аумағына емін-еркін кіруге шектеу қойылады.
Әр қабаттағы алаңқайларда 4-тен 6-ға дейін пәтер орналастырылады. Әрқайсысында Smart құлыптары болады, есікті ашудың кодпен, магниттік чиппен және қарапайым механикалық кілтпен ашу сияқты бірнеше әдістері бар. Қабырғалардың биіктігі 3 метрге дейін жетеді және олардың үлкейтілген терезелермен үйлесуі сізге ең кермет дизайнерлік шешімдерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Бұл – құрылыс компаниясының Шымкенттегі екінші жобасы. Біріншісі Астана шағынауданындағы Viva тұрғын үй кешені, кешен осы жылы тапсырылған және екінші нарықта да сұранысқа ие. Ал Елордада Orda Invest компаниясы Baisanat, Liberty, Orken Apartments сияқты танымал нысандарды салды. Қазіргі таңда компания елордадағы премиум санаттағы ең ауқымды жобаларының бірі – Europe city тұрғын үй кешенін салу үстінде.
Жаңа жобаның іске қосылуына орай, Orda Invest компаниясы TechnoDom техника дүкенімен бірлесіп, Capital тұрғын үй кешенінен алғашқы пәтер сатып алушылар арасында сыйлықтар ойнатады.
Сату бөлімі Шымкент қаласы, Қонаев 89 мекенжайы бойынша орналасқан, ал алғашқы кеңес алу үшін 8 (708) 8 904 904 нөміріне қоңырау шала аласыздар.

“Үш жерде жұмыс істесем де, отбасымды асырауға жетпеді”: Шотландияға кеткен отандасымыз Қазақстандағыдан 10 есе көп жалақы алатынын айтты
