Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте екі ер адамның сібір жарасын қалай жұқтырғаны анықталуда

Шымкентте екі тұрғыныннан сібір жарасы анықталды. Қазір екеуі де дәрігерлердің бақылауында. Мамандар осы аса қауіпті инфекцияны жұқтыру көзі не болғанын анықтауға тырысып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ауру жұқтырғандардың екеуі де Сайрам ауданында жұмыс істеген, 19 және 33 жастағы азаматтар. Қолдарында жаралар пайда болғаннан кейін олар дәрігерлерге жүгінді. Зертханалық зерттеулер диагнозды растады. Ер адамдар мал өсірумен және союмен айналысқан. Олар ауруханаға орташа ауыр жағдайда түсті, қазір олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. 

Вирус жұқтырған адамдармен байланысқа түскен 20-дан астам адам антибиотикалық профилактикалық терапиядан өтті. Жұқтыру көзі әлі анықталған жоқ.

"Жұқтыру көзі нақты анықталмаған. Бірақ, мүмкін, инфекция болған шығар, біз оны союдан болды деп ойлаймыз, өйткені ол жануарлардан жұғады... Шымкент қаласы, сондай-ақ Түркістан облысының жақын жатқан аудандары, олар қолайсыз, сібір жарасына қатысты. Себебі стационарлық қолайсыз пункттер бар", - деді Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы Балкүміс Мұсаева.

Талқылау