Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте екі бойжеткен үйленбекші болған жігітті қалыңдығына “опасыздық жасаған” бейнежазбаны көрсетеміз деп ақша бопсалаған 

Шымкентте екі қыз үйленбекші болған азаматтан ақша бопсалаған. Олар жігітке болашақ қалыңдығына “жаман” бейнежазба көрсететінін айтып қорқытқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Фото: Polisia.kz

Медиа-портал дерегіне сүйенсек, құрбы қыздар жігіттің ескі танысы көрінеді. Олар ер адамды үйіне алдап шақырып, жалған бейнежазба түсіріп, болашақ қалыңдығыңа көрсетеміз деп ақша бопсалаған. 

“Шарасыз жігіт Әл-Фараби ауданының полицейлеріне бопсалау туралы арызбен жүгінді. Жәбірленушінің айтуынша, екі қыз оның ескі танысы, ер адамды алдап үйіне шақырған. Жігіт пәтерге кірген бойда қыздардың бірі болып жатқан жайтты жалған сипаттап, оны смартфонға түсіре бастаған. Алдағы үйлену тойын білген құрбы қыздар күйеу жігіттен видеоны өшіру үшін 200 мың теңге талап етіп, жазбаны қалыңдыққа көрсетеміз, тойыңды бұзамыз деп қорқытқан”, - делінген ақпаратта. 

Сүйіктісін жоғалтқысы келмеген ер адам олармен келісімге келіп, оқиға туралы полицияға хабарлаған. Тәртіп сақшылары қыздарды қылмыс үстінде ұстады. 

“Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы (Қорқытып алу) бойынша тіркелді. Қазіргі таңда, Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Оның нәтижесімен іс бойынша процессуалдық шешім қабылданады”, — деді тергеуші Жалғас Халила.


 

Олжас Нұржақып
Бейсенбі, 29 Маусым, 2023 11:58
Талқылау