Шымкентте екі баланың анасын қорлаған күдіктілердің бірі ұсталды

Шымкентте екі баланың анасын өлімші етіп ұрып, артынша зорлап кеткен қаскөйлердің бірі полицияның қолына түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

әйелді ұрған

Күдікті 48 жастағы қала тұрғыны көрінеді. Ақзір ол уақытша тергеу изоляторына қамауға алынған. 

"26 мамыр күні 39 жастағы жергілікті тұрғынның дене жарақатын алу фактісі бойынша ҚР ҚК 107-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оқиға орнында жедел тергеу тобы барлық қажетті іс-шараларды өткізіп, қылмыс жасауға қатысы бар адамды анықтады. Бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды. Тағайындалған сараптамалардың қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Тергеу барысы прокуратура мен полиция департаменті басшысының бақылауында", - делінген ресми хабарламада.

Бұған қоса қалалық ПД басшылығының бастамасымен жәбірленушіге психологиялық көмек көрсету мақсатында маман Айгүл Рахметова мен ҚР Президентінің жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбекпен кездесу ұйымдастырылғаны айтылды.

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте екі баланың анасын қаскөйлер зорлап, аямай ұрып кеткені жайлы айтылған еді. Аяусыз соққыға жыққан әйелдің әпкесінің сөзінше, әйелдің аузында бір тісі де қалмаған. 


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр