Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте екі бала тамаққа уланып көз жұмды

Шымкент қаласының инфекциялық ауруханасында екі бала тамаққа уланудан ажал құшты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шымкентте екі бала тамаққа уланып көз жұмды

3 қарашада сағат 10-дардың шамасында жұқпалы аурулар емханасына тамаққа уланды деген диагнозбен үш бала мен олардың анасы түскен болатын. Кейін 2015 және 2018 жылғы екі ұл бала ауруханада көз жұмады. Құтқарушылардың сөздерінше, тамаққа уланған отбасы Еңбекшіқазақ ауданы Алдияров көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде тұратын көрінеді. Оқиға алған күні балалардың әкесі таңғы сағат 4-те жедел жәрдем шақыртқан. Келіп жеткен дәрігерлер «тамаққа уланды» деген диагноз қойып, ем жазып кеткен. Алайда, балалар мен ананың денсаулығы тағы нашарлап, қайта шақырылған жедел жәрдем оларды ауруханаға жеткізеді. 

"Дәрігердің нұсқаулары бойынша инфекциялық аурулар емханасынан токсикология бөліміне 1987 жылғы балалардың анасы, 2018 жылғы ұл мен 2008 жылғы қыз бала ауыстырылады. Кейіннен сағат 11:00-де 2015 жылғы ұл бала инфекциялық аурулар емханасында, кейіннен токсикология бөлімінде 14:00 шамасында 2018 жылғы бала көз жұмды. Балалардың өлім себептері анықталуда, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тамаққа уланған екі науқастың жағдайы қанағаттандырарлық" - деп мәлімдеді  төтенше жағдайлар департаментігі. 

Шымкент қаласының төтенше жағдай қызметкерлерінің хабарлауынша, науқастар тұратын үйде көмірқышқыл газына улану фактісі тіркелмеді. 
 

Талқылау