Шымкентте дүкендегі садақа салатын екі жәшіктен ақша ұрланды
Шымкентте дүкеннің бірінде садақа салатын жәшіктерден ақша ұрланды, деп хабаралйды Stan.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл оқиға 29 шілде күні орын алған. Түнде белгісіз біреу дүкеннің қабырғасын бұзып кіріп, 70-ке жуық темекі, кассасынан ақша алған. Сондай-ақ, садақа салатын 2 жәшіктегі ақшаны ұрлап кеткен. Сөйтіп ұры дүкен иесіне 50 мың теңгеден астам сомада материалдық шығын келтірген.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полицейлер күдіктіні анықтап, Еңбекші ауданының полиция басқармасына жеткізілді.
Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚК 188-бабы 2-бөлігімен «Ұрлық» сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”