Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің басшысы сотталды

Шымкент қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты айыпталушыға 2 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Шымкент дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері

"Шымкент қаласының дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы И.Долбиловаға және осы ұйымның бухгалтері М.Абдукаримоваға қатысты үкім шығарды", – делінген сот хабарламасында.

Олар іс жүзінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған тұлғаға жалақыны заңсыз есептеу жолымен 3,4 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енді.



Еске салайық, Маңғыстауда ұлттық спорт орталығының бухгалтері 117 миллион теңге жымқырғанын жаздық. Маңғыстау облысының прокуратурасы бюджет қаражаты қаншалықты заңды жұмсалып жатқанын тексеру барысында спорт мекемесінен жымқыру фактісін анықтады. Аталған фактіні облыс прокуратурасы тергеп, нәтижесін Қылмыстық кодекстің 371-бабының 2-бөлігі ”Салғырттық” және 189-бабы 4-бөлігімен “Жымқыру” бойынша сотқа жолдады.

Талқылау