Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте бүлдіршіндерге тегін шеберлік сабағы өткізілді

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен "Шымкент-Цирк" мекемесінің 10 жылдығына орай цирк әртістері бүлдіршіндерге тегін шеберлік сағаттарын өткізуде. Қатысушылар шеберлік сағатында сальто, акробатика, джигитовка, фокус, заманауи бидің әдіс-қимылдарын үйрене алады. Онда әртістер әр бүлдіршінмен жеке-жеке жұмыс істеп, бір сағат бойына шеберлігімен бөліседі.

цирк

Сәрсенбіде цирк әртісі Азизбек Иристаев "5 минутта сальто" сабағын өтті. Жасөспірімдер сальто тастаудың қыр-сырын меңгеріп, жеңіл жаттығу жасаудың әдіс-тәсілдерін үйренді. Сондай-ақ, бейсенбіде Құрманғазы Ізтілеуов сиқыр әлемінің сырымен бөліссе, бүгін Ұлықбек Медешов акробатикадан дәріс бермек. Осы сынды шеберлік сағаттары арнайы кестеге сай, жиі өтіп тұрады. Шеберлік сағатының жанры мен мерзімін Шымкент-цирктің әлеуметтік желідегі парақшаларынан білуге болады.

Одан өзге, цирк ішінде "Circus Star" үйірмесі жұмыс істейді. Үйірмеге цирк өнерін кеңінен меңгеріп, манежде өнер көрсеткісі келетін 7-15 жас аралығындағы балалар қатыса алады.

Айта кетейік, өнер ұжымы 12-24 қазан аралығында "ON Цирк" жаңа бағдарламасын ұсынады. Бұл жолы Қырғызстан Республикасы мен Нұр-Сұлтан қаласы циркінің өнерпаздары таңдаулықойылымдарын тарту етпек.

Дидар Халық
Жұма, 08 Қазан, 2021 09:52
Талқылау